ZHASPROJECT ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ZHAS РROJECT - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" тапсырысы бойынша іске асырылатын жастарға арналған бірегей бағдарлама.

2023-2024 жылдар аралығында ZHAS RROJECT Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының аумағында іске асырылуда.

Осы өңірлердегі ZHAS RROJECT жобалық кеңсесінің жұмысын конкурстық негізде айқындалған "Түпқараған жастары" жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
ZHAS RROJECT аясында жастарға өздерінің кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға, сондай-ақ жергілікті халыққа пайда әкелетін әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Жыл сайын Алматы қаласында және Маңғыстау облысында жастарға олардың әлеуметтік бастамаларын іске асыруға 28 шағын грант бөлінді (Алматы қаласында 20 және Маңғыстау облысында 8 грант).
ZHAS RROJECT-тің негізгі мақсаттары:
  • Жастардың осал топтарын дамыту үшін жағдай жасау
  • Жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық пен маңызға ие жастар идеялары мен жобаларын анықтау және қолдау
  • Жас қатысушылардың әлеуметтік және кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыларды игеруі
Қатысушылар: Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелген 18-35 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар.
NEET санатындағы жастар:
1) тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар;
2) білім беру ұйымдарында оқымайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайта даярлаудан өтпейтін жастар
Жобалық кеңсе
Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының аумағында Zhasproject жобасын іске асырумен "Түпқараған жастары" жастар қоғамдық бірлестігі айналысады. Ұйым өз қызметін Маңғыстау облысының аумағында 2014 жылдан бастап жүзеге асырады, өңірдегі жастар бастамалары мен проблемалары бойынша барлық жағдайға ие, сондай-ақ өңірдің жергілікті атқарушы органдарының, облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтарының қолдауына ие.
Ұйымның жастар саясатын дамытуға және Жастар бастамаларын, жастардың шығармашылық бастамаларын қолдауға, сондай-ақ халықтың жекелеген санаттарын (жетімдер, мүгедектер, осал жастар)толыққанды дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған іс-шараларды өткізуде жеткілікті тәжірибесі бар
Біздің байланыстар:
+7 700 271 21 73 call centre zhasprojectmangystau@gmail.com
Маңғыстау облысындағы Офис Ақтау қаласы, 6 ш / а, "Арман" ЖРО, 1 қабат, 10 кабинет. 22:33

Шағын Гранттар конкурсы туралы ереже