Менторлар Жастар корпусын дамыту жобасына (2017-2020 жж.) ментор/ментор-тренер ретінде қатысқан және қазіргі уақытта Маңғыстау облысында/Алматы қаласында тұратын менторлар арасынан таңдалады.
Тәлімгерлер келесі талаптарға сай болуы керек:
- жұмыс тәжірибесі (әлеуметтік салада кемінде 3 жыл) немесе жастармен жұмыс (негізінен жастардың осал топтарымен;
- жобаларды/іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру тәжірибесі;
- білімінің болуы (арнаулы орта, жоғары);
- ұтқырлық (өңір шегінде шығу мүмкіндігі).
Тиісті жұмыс тәжірибесі, өткізілген іс-шаралары көрсетілгін түйіндеме және әрқайсысына жеке бару арқылы 4 жоба бойынша жұмыс істеуге келісім көрсететін құжатты қоса беру қажет.
Біліміңізді растау үшін дипломның сканерленген нұсқасын тіркеңіз.
Маңғыстау облысында/Алматы қаласында тұратыныңызды растау үшін веб-сайттағы жеке кабинетіңізден немесе e-gov мобильді нұсқасынан скриншотты/фотосуретті тіркеңіз.
Қосымша артықшылық Жастар корпусын дамыту жобасында (2017-2020 жж.) жастарға арналған тренингтер мен тәлімгерліктерді өткізу тәжірибесі болады. Сіз ментор/ментор-тренер сертификатын тіркеуіңіз керек.
Жоба бойынша менторлар 10 сәуір мен 10 тамыз аралығында шақырылады.
Қатысу үшін 23 наурызға дейін slavkinaalyona@gmail.com мекенжайына қызығушылық хатын (үлгіні пайдалана отырып) жолдап, тізімде көрсетілген құжаттар тізімін қоса беру қажет.