ZHAS РROJECT - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" тапсырысы бойынша іске асырылатын жастарға арналған бірегей бағдарлама.
2023-2024 жылдар аралығында ZHAS RROJECT Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының аумағында іске асырылуда.
Осы өңірлердегі ZHAS RROJECT жобалық кеңсесінің жұмысын конкурстық негізде айқындалған "Түпқараған жастары" жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
ZHAS RROJECT аясында жастарға өздерінің кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға, сондай-ақ жергілікті халыққа пайда әкелетін әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Жыл сайын Алматы қаласында және Маңғыстау облысында жастарға олардың әлеуметтік бастамаларын іске асыруға 28 шағын грант бөлінді (Алматы қаласында 20 және Маңғыстау облысында 8 грант).