ІІІ топтағы мүгедек жандарды жұмыспен қамту.
Алматы қаласы волонтерларының көмегімен жалғыз тұратын қарт адамдардың, мүгедек және мүмкіндігі шектеулі жандардың үйін және ауласын тазалау. Және денсаулықтарына қауіп төндіретін кедергілерден қорғау, тазалау, психологиялық көмек көрсету.
Қазіргі таңда және болашақта қолдан жасалған бұйымдарға сұраныс өте көп және ол арта түседі. Соның ішінде тоқылған бұйымдарға да сұраныс бар. Менің жобамның мақсаты - қазақтың қол өнер саласын дамыту.Тоқу арқылы атаулы киімдерден бөлек, тұрмысқа қажетті бұйымдарды тоқып сату. Соның ішінде қазақша нақышқа ерекше назар қою. Әлеуметтік осал отбасылардың балаларына, әлеуметтік төмен санаттағы адамдарға , бала тәрбиесімен үйде отырған көп балалы келіншектерге, зейнеткерлекрге үйде отырып тоқуды және сол арқылы табыс табуды үйрету.
Жобаның бастамашысы «Е» гов қызметтерін көрсету орталығының қызметтерін сатуды жоспарлап отыр. Кеңсе қызметтер көрсету орталығының қызмет түрлері, «Е» гов қызметтері, ғаламтор қызметтері, ксерокөшірме ламинаттау, басып шығару түсті, қара және ақ, құжаттарға фото, ¾ фото, визитка, сайт жасаймыз, кеңсе қызметтерге арналған барлық қызметті ұсынады. Жергілікті қызметтерге әрқашан сұраныс жоғары. Өйткені, арзан, сапалы және сенімді. Сол арқылы көп балалы, аз қамтылған, мүгедек балалары бар отбасыларды үйден шықпай-ақ қызмет түрлерін пайлануына және осындай қызмет көрсету арқылы табыс табуға үйретіп, мүмкіндігі шектеулі осал топтарға қызметті қол жетімді ету.
OZENHAIR-тің негізгі мақсаты – Жаңаөзендегі оң өзгерістердің толқынды әсерін жасау, экономикалық мүмкіндіктерді, әлеуметтік келісімді және тұрақты дамуды ынталандыру. Әйелдерді нарықтық дағдылармен қаруландыру және мұқтаж адамдарға маңызды қызметтерді көрсету арқылы жоба кедейлік циклін бұзуға және өзіне сенімділік пен төзімділік мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
Біздің «Тәрбиелік күш» жобамыз Алматыдағы жұмыссыз жастарға сындарлы мүмкіндіктер беру, бос жүрістің күшеюі және онымен байланысты нашақорлық пен қылмыстық әрекет сияқты тәуекелдермен күресудің өзекті қажеттілігін қарастырады. Қазақ күресінен тегін оқыту курстарын ұсына отырып, біз 25-35 жас аралығындағы жасөспірімдерді олардың физикалық әл-ауқатын арттырып қана қоймай, сонымен қатар тәртіп, төзімділік және командалық жұмыс сияқты маңызды өмірлік дағдыларды дамытатын мазмұнды ізденіске тартуды мақсат етеміз.
Менің жобам үйде отырған жұмыссыз әйелдер мен декреттегі қыз-келіншектерге тігін үйретуге бағытталған. Олар үй жағдайында тігін тігумен әлеуметтік желі арқылы өз өнімдерін қымбат сатуды үйренетін болады.
Менің жобам осал топтағы балаларға, әсіресе көп балалы отбасындағы балаларға сонымен қатар мүгедек балалардың ой-санасын дамыту мақсатында жасалған.
Жолда бұзылған көлікті 1 қоңыраумен жөндеп беремін. Ағымдық жөндеу - машинаның не құрылғының жұмыс үрдісі кезінде пайда болатын жарамсыздығын және ақауын жою, машинаны не құрылғыны бұзбай жеке бөлшектерді ауыстыру және қалпына келтіру жөндеу жұмыстары. Менің жылжымалы көлік жөндеу орталығым 1-2-3 топтағы мүгедектігі бар көлік жүргізушілеріне тегін жөндеу жұмыстарын жасау бойынша қызмет көрсетеді.
Мақсатымыз – кептірілген жемістер өндіріс шығару арқылы табыс табу. Әдетте кептірілген жемістер жаңа піскен жемістерге қарағанда әлдеқайда ұзағырақ сақталады және әсіресе тоңазытқышсыз ұзақ сапарларға тасымалдауға ыңғайлы тағамдық дайын өнім. Табыс таба отырып тұрғындар денсаулығын жақсарту. Адам денсаулығына да тигізер әсері мол. Кептірілген жемістер көп талшықты антиоксиданттардың, әсіресе полифенолдардың көзі десек болады. Полифенол антиоксиданттары қан айналымын жақсарту, ас қорытуды жақсарту, тотығу зақымын азайтуда және көптеген аурулардың алдын алумен денсаулыққа пайдалы әсер етеді. Атап айтқанда, жүрек ауруы мен қатерлі ісік аурулары, остеопорозбен күресуде, қан қысымын төмендетуде, қандағы қантты бақылауда, қандағы холестеринді төмендетуде көп көмегін тигізеді. Жобаның тағы бір мақсаты жаңа жұмыс орнын ашу арқылы жастардың жұмыспен қамтылуы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика Бюросының 2021 жылғы ресми мәліметіне сәйкес Алматы каласы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі – 3,4 %. Студенттер жыл сайын оқу орындарын аяқтайды. Майталман, білікті жас кадрлар бірден жұмысқа орналаса алмайды. Өз кезегінде аталған мәселе жастар жұмыссыздығына алып келеді. Жоба аясында жаңа жұмыс орнын ашу арқылы кемінде 2 арнайы салалы маманды тұрақты түрде жұмыспен қамту жоспарымызда бар. Осы арқылы Aлматы каласы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны артады. Ұлттық Статистика Бюросының 2021 жылғы ресми дерегіне сәйкес бұл көрсеткіш – 30 082 адам. Осы арқылы жастардың зиянды іс-әрекеттерден, қылмыстан бойын аулақ ұстауға ықпал етіледі. Тұрақты жұмыспен қамтылған жастардың бос уақыты да болмайды.